Павлодар облысында мал азығына арналған жайылымдарға мол су жіберілді

292

Нәтижесінде 21 мың гектар лиман суға толды.

Павлодар облысында мал азығына арналған жайылымдарға мол су жіберілді Фото: gov.kz

Биыл "Қазсушар" РМК-ның Павлодар филиалы Шідерті лиманды суару жүйесін сумен қамтамасыз ету мақсатында Шідерті өзенінің жайылмасына табиғат қорғау мақсатында 115 млн текше метр су жіберді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде 21 мың гектар лиман суға толды. Су ұзындығы 67,45 шақырым болатын Шідерті магистральдық каналы және ұзындығы 112 шақырымды құрайтын Шідерті су жеткізу каналы арқылы жіберілді.

Су жіберу шаралары Әулиекөл көлдер жүйесіндегі, сондай-ақ Басентин, Шығанақ, Бозайғыр және Жалаулы көлдеріндегі су деңгейін ұстап тұру үшін де қажет. Табиғат қорғау шаралары Екібастұз қаласының ауылдық аймағындағы және Ақтоғай ауданындағы алты ауылдық округте 450-ге жуық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні мал азығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

"Өңірдің экожүйелері мен биоалуантүрлілігін сақтау, сондай-ақ су нысандарын ластанудан және сарқылудан қорғау мақсатында табиғат қорғау шаралары аясында жыл сайын су жіберіледі. Лимандар мен табиғи жайылымдарды суландыру мал шаруашылығын жемшөп қорымен қамтамасыз етіп, жергілікті ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етеді", – деді Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу