Павлодар облысында мал ұрлаған 5 күдікті ұсталды

294

Күдіктілер қамауға алынды.

Павлодар облысында мал ұрлаған 5 күдікті ұсталды Фото: Бейнежазбадан

Павлодар облысында мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Криминалдық полиция қызметкерлері аудан тұрғындарының малын жүйелі түрде ұрлады деген күдікпен бір топ адамды қолға түсірген. Тергеу барысында олардың бірнеше ай ішінде жылқы мен ірі қара ұрлығының бес эпизодына қатысы бар екені анықталған.

– Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Олардың барлығы облыс тұрғындары болып шықты. Мал сатып алушылардың бірінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде ұрланған екі жылқы, бес бас ірі қара және көлік құралдары табылып, тәркіленді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Жаслан Танжанов.

Төрт күдікті қамауға алынды. Ал тағы бір адамға елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу