Павлодар облысының Баянауыл ауданында прокуратура ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану барысында жер заңнамасының бұзылғанын анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тексеру барысында жалдау мерзімі аяқталғанына қарамастан, бірқатар жер пайдаланушылардың учаскелерді мемлекет меншігіне қайтармай, пайдалануды жалғастырғаны белгілі болды. Солардың бірі – "Рымжан" шаруа қожалығы, ол Қызылтау ауылдық округіндегі 680,4 гектар жерді заңсыз пайдаланған.
Прокурорлық қадағалау актісі негізінде заң бұзушылықтар жойылып, нәтижесінде кадастрлық құны 16 млн теңгеден асатын 2 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мемлекет меншігіне қайтарылды.