Павлодар облысында мыңдаған гектар егістік қараусыз жатыр

1032

Павлодар облысында мыңдаған гектар егістік қараусыз жатыр

Павлодар облысы әкімдігінде болған  кеңесте жарамды жерлерді пайдалану мәселелері қозғалып,  Ертіс, Железинка аудандарының әр ауылында пайдаланылмайтын егіс учаскелері бар екені белгілі болды. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап "ҚазАқпарат" ХАА хабарлады.

Мысалы, Ертіс ауданына қарасты И. Байзақов ауылында 24 мың га егістіктің 19 мың гектары өңделмеген, 8 мыңы мүлдем пайдаланылмайды. Аудан әкімі Виктор  Дубовицкийдің деректеріне сәйкес Панфилов ауылында 5,5 мың гектар жердің 4,5 мыңы пайдаланылмайды. Бұл ретте топырақ сапасы 35 балл және одан жоғары.

Железинка ауданында да осындай жағдай. Лесной ауылдық округінде 29 мың гектар жердің үштен бірі ғана өңделген. Өңір басшысы Болат Бақауовтың жерді дұрыс пайдаланбаған фермерлерге ықтимал тексеріс жайлы хабарламаға қатысты сауалына Қабиболла Әбушахманов аграршылар бұдан көбіне қашқақтайды, деп жауап берді.

"Железинка ауданының ең құнарлы жерлеріне егіс егілмеген. Барлық жерге қарасұлы өсіп кеткен", деді әкім. Ол мұны тексеруге бірнеше күн берді. Егістікті пайдаланбаған шаруа және фермерлік қожалықтарға байланысты  нақты шаралар қабылданды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу