Павлодар облысында оқушылар да дауыс беріп жатыр

Олар - кәмелеттік жасқа толған азаматтар.   

Павлодар облысында оқушылар да дауыс беріп жатыр Фото: inbusiness.kz

Биыл алғаш рет дауыс беріп жатқан жастардың дені - студенттер. Бірақ олардың қатарында мектеп оқушылары да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Айталық, Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы  Назарбаев зияткерлік мектебінде 18-19 жастағы 51 шәкірт оқиды. Мұнда оқудың жаңа моделі бойынша 12 сыныпқа дейін білім алады.

Бүгін 12-сыныптың шәкірттері ел үшін маңызды оқиғаға қатысып, өз таңдауларын жасады. Солардың бірі -  18 жасар Дария Бәкір алғаш рет сайлауға қатысты. Оған қоса, барша сыныптастарымен бірге дауыс беру күнінен қалыс қалмайтындарын жеткізді.

"Бүгін сайлауға алғаш рет қатыстым.  Еліміз үшін маңызды күн болғандықтан жауапкершілікті сезініп, дауыс бердім. Сайлау учаскесінде мен сияқты алғаш рет дауыс берген жастарға сыйлық табысталды", - дейді ол.

Облыстағы 528 сайлау учаскесінің барлығында биыл бірінші рет дауыс берген жастарға шағын сыйлықтар берілді.

 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу