Павлодар облысында ормандағы ағаштарды отынға жинаған зейнеткер жазаланды

368

Сот ер адамның әрекетін ұсақ ұрлық деп таныды.

Павлодар облысында ормандағы ағаштарды отынға жинаған зейнеткер жазаланды Фото: freepik.com

Павлодар облысында 67 жастағы тұрғынға орманнан ағаштарды рұқсатсыз алып кеткені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ер адам орманда желден құлап, қурап жатқан 9 ағашты көрген. Ол ағаштарды аралап, отын ретінде пайдалану үшін көлігімен екі рет үйіне тасыған.

Алайда қураған ағаштар "Ертіс орманы" табиғи резерватының аумағында жатқан. Сондықтан оларды рұқсатсыз кесіп, алып кетуге болмайды.

Сот шешімімен зейнеткерге 43 250 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сонымен қатар зейнеткер жәбірленушілерге өтемақы қорына 21 625 теңге төлеуге міндеттелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу