Павлодар облысында өндіріс нысандарынан шыққан өртті сөндіретін робот қолданысқа енді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Роботтың алдыңғы бөлігіне камера орнатылған. Оның көмегімен мамандар өрт ошағын бақылап, су немесе көбік шашады. Роботтың жылдамдығы сағатына 10 шақырым. Су бүрку қашықтығы 100 метрден асады. Салмағы 480 келі, ал жүк көтергіштігі 200 келіге дейін жетеді.
– Бұл отандық өнім. Мұнай сақтау қоймалары, жанармай сақтау, газ сұйыөтықтары, әскери қару-жарақ жарылған жағдайда жеке құрамды жібермес үшін осы техниканы жіберіп сөндіреміз. Желтоқсан айынан бастап сынақтан өтті. Толықтай сертификаттандырылды. Қазір жауынгерлік есепте тұр, – деп мәлімдеді Павлодар облыстық ТЖД Өрт сөндіру басқармасы бастығының орынбасары Аслан Ботабаев.