Павлодар облысында пара алған шенеунікке айыппұл салынды

871

Павлодар облысында пара алған шенеунікке айыппұл салынды

Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі № 2 соты Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Дүйсебек Қазанғаповқа 7,7 млн теңге көлемінде айыппұл төлеуді міндеттеді. Бұл алынған парадан 70 есеге артық сома, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Шенеунікке Павлодар және Екібастұз қалаларының бас дәрігерлерінен бірнеше мәрте пара алды деген айып тағылды. Еске сала кетейік, жаңа жылды Дүйсебек Қазанғапов пен оның орынбасары Нұржамал Аханаева уақытша ұстау изоляторында қарсы алған болатын. Мереке қарсаңында олар тегін медициналық көмектің кепіл берілген көлемі бойынша келісімшартқа ешбір кедергісіз қол қойғаны үшін сыйақы алып жатқан кезде ұсталған.

Жемқорлыққа қарсы қызметте хабарлағандай, Қазанғапов өзінің кабинетінде № 1 қалалық аурухананың бас дәрігерінен "Француз үйіне" 30 мың теңгеге сертификат алған. Бұдан кейін Екібастұз қаласының бес медициналық мекемесінің бас дәрігерлерінен 80 мың теңге салынған конверт қабылдаған.

Шенеунік сот кезінде өз кінәсін толық мойындады. Сотталушының адвокаты бұл қаржыны ол онкологиялық дертке шалдыққан немересін емдеу үшін алғанын айтады. Нұржамал Аханаеваға қатысты іс жеке өндіріс бойынша сотта 21-ақпан күні қаралады. Бас дәрігерлердің ісі де жеке өндіріс бойынша бөлінген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу