Павлодар облысында полицей өзіне оқ атты

918

Әлеуметтік желіде "Железин ауданында полиция қызметкері өзіне оқ атты" деген ақпарат тараған болатын.

Павлодар облысында полицей өзіне оқ атты

Павлодар облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Рашад Утеуов оқиғаны растап, бұл іске қатысты іс тергеу басталғанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2021 жылғы 24 мамырда әлеуметтік желіде "Железин ауданының аға тергеушісі өзіне оқ атып, мерт болды" деген ақпарат тараған. Рашад Утеуов тәртіп сақшысы өлімнен аман қалғанын атап өтті.

"2021 жылғы 23 мамырда аудандағы прокуратура ғимаратының дәлізінде аға тергеуші қарудан оң жақ иығына оқ атқан. Ол ауруханаға жеткізіліп, оған ота жасалды. Бүгінде оның денсаулығы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ", - деді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, бұл факт бойынша өзіндік қауіпсіздік басқарамасы ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы негізінде сотқа дейінгі тергеу бастаған.

"Тәртіп сақшысының неге мұндай әрекетке барғаны анықталып жатыр", - деді Рашад Утеуов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу