Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады

423

Павлодар облысы М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полицей өз үйінде асылып қалған.

Павлодар облысында полиция қызметкері өзіне қол жұмсады Фото: Хабар 24

Бұл туралы inbusiness.kz  Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, таңғы сағат 06:35-те М.Омаров атындағы ауылда учаскелік полиция инспекторының асылған мәйіті сарайдың ішінде табылған. 

Марқұмның әйелі үйде жанжалдар жиі болатынын айтқан.  

–Аталған факті бойынша  ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Істің мән-жайы мен себептері анықталуда, - деп хабарлады Павлодар облысының полиция департаменті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу