Павлодар облысында шаруа қожалығының 110 тонна шөбі жанып кетті

775

Павлодар облысында шаруа қожалығының 110 тонна шөбі жанып кетті

Успен ауданында 110 тонна шөп жанып кетті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Бұл туралы ақпаратты облыстық ТЖД таратқан.

"Бұрынғы Образцовка ауылының аумағында орналасқан "Еңбек" фермерлік шаруашылығында мал ұстайтын бос базаның төбесі жанып, төменге опырылып түскен. Нәтижесінде қызыл жалын 110 тонна шөп пен 1700 шаршы метрді шарпыған. Қазіргі таңда оқиға орнында арнайы топ пен мамандар жұмыс істеуде", – деді департаменттегілер.

Успен ауылдық округінің әкімі Александр Калинаның айтуынша, тілсіз жау шамамен түнгі сағат екі мен үштің аралығында орын алған. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу