Павлодар облысында ШОБ-қа 60 млрд теңге бөлінді

728

Қаражат мемлекеттік бағдарламалар негізінде қарастырылған.

Павлодар облысында ШОБ-қа 60 млрд теңге бөлінді

Павлодар облысында шағын және орта бизнес пандемиядан кейін қарқынды түрде қалпына келе бастады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыста кәсіпорындар саны 1,5 мыңға, олардың өнімдері 60 млрд теңгеге артқан. 

"Бұған ШОБ қолдау бойынша мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыру өз септігін тигізді. Жыл басынан бері "Бизнестің жол картасы", "Қарапайым заттар экономикасы" және "Еңбек" бағдарламалары бойынша жалпы сомасы 58,8 млрд теңгені құрайтын 1 524 жоба қолдауға ие болды. Сонымен бірге біз кәсіпкерлерді қолдау бағдарламалары бойынша екінші деңгейлі банктермен әріптестік орнаттық. Өткен жылы жас кәсіпкерлерге, биыл әйелдер бизнесіне арналған кепілсіз несиелеу желісі іске қосылды. Сонымен қатар Павлодар облысының шағын және орта бизнесі жергілікті Business Ertis бағдарламасының алты бағыты бойынша көмек алады. Кәсіпкерлердің проблемалық мәселелерін атаулы шешуден бастап әлеуметтік жауапты бизнесті қолдауға дейін. Бағдарламаның жеке блогы ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға арналған", – деді өңір әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу