Павлодар облысында шұңқырға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр

272

Жұмыс тәулік бойы жүргізіліп жатыр.  

Павлодар облысында шұңқырға түсіп кеткен автобусты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр Фото: ТЖД

"Майқайың-алтын" АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның сөзінше, жедел штаб мамандандырылған техниканы опырылған жерге түсіру үшін шамамен 120-130 метр тереңдікке траншея қазу туралы шешім қабылдаған.

“Кеше опырылған жердің түбіне техниканы түсіру үшін өткел дайындау басталды. Бұл жұмыстарға 3 экскаватор, 2 тиегіш, 2 бульдозер жұмылдырылды. Жұмыстар тәулік бойы, үздіксіз жүргізілуде. 5 мың текше метрге жуық топырақ пен тау жыныстары қазылып, шығарылды”, - деп хабарлады өңір басшысы.

Іздеу жұмыстарына барлығы 134 адам, 37 бірлік техника, 3 кинологиялық есеп және 2 бірлік дрон жұмылдырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу