Жедел іс-шаралар барысында есірткі құралдарын сақтады деген күдікпен Тереңкөл ауылының тұрғыны сот санкциясымен қамауға алынды.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, есірткілер аудан аумағында жұмыс істейтін ірі онлайн есірткі дүкенінің мүддесіне сай интернет арқылы таратылған.
Іс-шара нәтижесінде 50 дайын "скорость" есірткі дозасы тәркіленді.
"Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде," – деді хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу