Павлодар облысында сот ғимараттарына "жарылғыш зат" қойылды

451

Облыстық сот,  қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот, Ақтоғай, Май аудандары мен Аққулы ауданының соттарының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскен.

Павлодар облысында сот ғимараттарына "жарылғыш зат" қойылды

Павлодар облысының сот ғимараттарында "жарылғыш зат" қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Павлодар қаласында сағат 14.53-те Павлодар облыстық сотының электрондық мекенжайына ғимаратқа жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түскен. Осыған ұқсас хабарламалар Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына, Ақтоғай, Май аудандары мен Аққулы ауданының соттарына да келіп түскен.

"Оқиға орнына шұғыл ден қоюдың барлық күштері дереу келді. Сол жерде саперлер жұмыс істеді. Ғимаратқа тексеру жүргізілді. Барлығы 131 адам эвакуацияланды. Қажетті іс-шаралар өткізілді. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деп жазады ақпарат көзі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу