Павлодар облысында су қоймасы салынуы мүмкін

979

Бұл – өңірдегі су тапшылығын жояды деген бағытта қабылданған шешім.

Павлодар облысында су қоймасы салынуы мүмкін Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар облысында су қоймасын салу жобасы қарастырылып жатыр. Стратегиялық маңызды нысан өңірдегі су тапшылығын жояды деген сенім бар, деп хабарлайды  inbusiness.kz тілшісі.

Биыл Ертіс өзеніне Шығыстағы қоймалардан бекітілген кестеден аз көлемде су босатылды. Осыдан соң өзен бойындағы шабындықтар мен жайылымдар тіршілік нәрінен қағылды. Мәжіліс депутаттары Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, тіпті, Үкімет басшысына дейін депутаттық сауал жолдағанымен нәтиже болмады. Салдарынан күзде аймақтағы Ертісті жағалай қонған шаруашылықтар шөп дайындай алмай қалуы мүмкін. Су жайылмаған соң балықтардың да уылдырық шашуына кедергі болды. Сол себепті, өзгеге тәуелді болмау үшін өзімізде су қоймасын салғанымыз абзал дейді, жергілікті билік.

"Павлодар облысы аумағында су қоймасын салу ойыма келді. Біріншіден, гидрогеологтармен бірлесіп орналасатын орнын белгілеуіміз керек. Осыдан кейін ғана біз Үкіметке ұсыныспен шыға аламыз. Облыстың дамуы үшін өзіміздің су қорымыз болғаны артық етпейді. Бұл ауыз сумен қамтамасыз етудің де кепілі болады", - деді облыс әкімі Асайын Байханов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу