Павлодар облысында суармалы алқап көлемі 4 есе көбейеді

1067

Өңір басшылығы 2022 жылға дейін осы межені бағындыруды көздеп отыр.

Павлодар облысында суармалы алқап көлемі 4 есе көбейеді

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірдің суармалы жер көлемін арттыру бойынша 5 жылға арналған кешенді жоспарын таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кешенді жоспары Асқу қаласына қарасты Евгеньевка ауылдық округіндегі суармалы жерлерінің арқасында облыстағы дамушы және өнімді серіктестіктердің қатарына енген "Тимур" шаруа қожалығында аймақ фермерлеріне арналған жиында таныстырылды.

Бүгінгі күнде "Тимур" шаруа қожалығы қолданып отырған 2000 гектар жердің 850-і – сауармалы алқап. Картоптың өнімділігі тұрақты. Гектарынан 450-500 центнер картоп, мың центнерге дейін сәбіз алады. 2011 жылы қожалық құны 250 млн теңгелік көкөніс қоймасын салған. Соңғы екі жылда қосымша 5 мың тоннаға арналған тоңазытқыш және жуу мен қалталау цехын іске қосты. Жалпы, соңғы 7 жылда шаруашылық өзінің дамуына 2,5 млрд теңге инвестиция құйды.

Кеңес заманынан қалған 75 мың гектар суармалы жердің бүгінде 65 пайызға жуығы пайдаланылады. Бұрынғы деңгейге жету үшін тағы 20 мың гектарды игеру керек.

"Павлодар облысын өндірістік өңір ретінде санау қалыптасқан. Бірақ бізде аграрлық сала да дамуда. Облысымызда 1,2 миллион гектар жерге түрлі тұқым себіледі. Суармалы алқапқа ерекше назар аударамыз. Мысалы, Ертіс ауданының жақсы жерлерінің 60 мың гектарына астық себетін және Ақсу елдімекенінде бір мың гектар суармалы жер пайдаланатын кәсіпкерлікті келтіруге болады. Экономикалары бірдей. Мұны әр шаруашылықтың иелеріне және жаңа бастап жатқан фермерлерге түсіндірдік. Біз суармалы жерді дамыту бойынша Қазақстанда пилоттық жоба болатын 5 жылдық жоспар құрдық. Қазір әр ауданнан 7-ден 20 гектарға дейінгі жер танабын таңдап қойдық. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация арқылы жеткізетін инженерлік инфрақұрылымның жобасын дайындаймыз. Содан кейін қаржыны, техниканы тағы басқаларын қайдан алатынымызды анықтаймыз. 5 жылдың ішінде біз суармалы жердің көлемін 4 есеге арттыру керекпіз. Суармалы жермен қатар мал шаруашылығы да дамитын болады", – дейді Болат Бақауов.

Айта кетейік, Ақсудың елдімекендері арқылы Ертіс, Белая өзендері және Ертіс-Қарағанды каналы өтетіндіктен аумақта суармалы алқапты кеңейту үшін барлық жағдай жасалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу