Павлодар облысында тамызда ет өнімдері 7,5 пайызға қымбаттаған

854

Павлодар облысында тамызда ет өнімдері 7,5 пайызға қымбаттаған

Павлодар облысында 2017 жылғы тамыз айында азық-түлік тауарлары бойынша шұжық, еттен жасалған өнімдердің бағасы 7,5%-ға, сүт өнімдері – 1,9%-ға өсуі байқалды, деп хабарлайды ҚР ҰЭМ статистика комитеті. 

Тұтыну бағаларының индексі 99,7%-ды, азық-түлік тауарлары 98,7%-ды, азық-түлік емес тауарлары 100,6%-ды, ақылы қызметтер 100,2%-ды құраған.  Сонымен қатар қырыққабат және картоп бағасы 30%-дан, қызылша – 27%-ға, пияз – 13%-ға, сәбіз – 4,4%-ға, құмшекер – 3,5%-ға, жұмыртқа – 2,1%-ға төмендеген.

Азық-түлік емес тауарлары нарығында қеңсе тауарлары бағасы 6,7%-ға дейін, фармацевтикалық өнімдері – 1,4%-ға, киім және аяқ киім – 1,1%-ға, дизельдік отын – 0,6%-ға өсті. Ақылы қызметтер бойынша әуе және теміржол жолаушылар көлігінің қызметтерінің бағасы орташа 1,5%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу