Павлодар облысында тауға шығып, түсе алмай қалған 4 турист құтқарылды

91

Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Павлодар облысында тауға шығып, түсе алмай қалған 4 турист құтқарылды Фото: ТЖМ

Павлодар облысы Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің аумағында, Жасыбай көлі ауданында төрт адам тауға шығып, өздігінен түсе алмай қиын жағдайға тап болды, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, туристер күндіз тау шыңына көтеріліп, түсу кезінде қиындықтарға тап болған.

"Олар құтқарушылардың көмегіне жүгінді, Павлодар облысы Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу оқиға орнына шықты. ТЖМ құтқарушылары арнайы жабдықтар мен жарықтандыру құралдарын қолдана отырып, таулы жерлерде іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде төрт адам да таудан аман-есен түсірілді. Медициналық көмекке ешкім де мұқтаж болған жоқ", – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу