Павлодар облысында төрт жастағы бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды

389

Қайғылы оқиға Мойылды ауылында болған.

Павлодар облысында төрт жастағы бала кәріз құдығына құлап, көз жұмды Фото: Polisia.kz

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Анықталғандай, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағаш палубамен жабылған септикке құлады. 

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне бойынша  "Адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу