Павлодар облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы апатты жағдайда қонды

451

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Павлодар облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің тікұшағы апатты жағдайда қонды Фото: Бейнежазбадан

Павлодар облысында іздестіру-құтқару жұмыстарына қатысқан "Қазавиақұтқару" АҚ-ның Ми-8 АМТ тікұшағы апатты жағдайда қонды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ведомствоның мәліметінше, UP-MI872 тіркеу нөмірлі әуе кемесі жоғалған адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарына жұмылдырылған.

– Бортта 13 адам болды. Оның ішінде 5 экипаж мүшесі және 8 жолаушы бар. Авиациялық оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, – деп мәлім етті министрліктен.

Ал Төтенше жағдайлар министрлігі тікұшақ Байдала ауылы маңында 1950 жылы туған ер адамды іздеу операциясына қатысқандығын айтады. Алдын ала дерек бойынша, балық аулауға шыққан азамат мотоциклмен аударылып, аяғын жарақаттағаннан кейін көмек сұраған.

Іздестіру жұмыстары бір тәулікке жуық уақыт бойы жүргізіліп, оған құтқарушылар мен еріктілер жұмылдырылған. Нәтижесінде ер адам табылып, оған қажетті медициналық көмек көрсетілді.

– Тікұшақ бортында экипаж мүшелері мен құтқарушылар болған. Олардың барлығы аман. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Динара Нұрғалиева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу