Павлодар облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды

451

Жарылыстан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. 

Павлодар облысында тұрғын үйде газ баллоны жарылды Фото: egemen.kz

Павлодар облысы Ақтоғай ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп жазады  inbusiness.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Салдарынан 67 жастағы ауыл тұрғыны зардап шекті. Оның денесінің 40 процентін күйік шалған. Қазір ауруханада.

Алдын ала болжам бойынша, газ баллонын пайдалану ережесі сақталмаған. Содан жарылыс болып, үйдің шатыры өртенген. Ас үй мен кіре беріс опырылып түскен. Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу