Павлодар облысында тұрғындардың орташа жалақысы 128 мың теңгені құрады

1067

Павлодар облысында тұрғындардың орташа жалақысы 128 мың теңгені құрады

Павлодар облысының статистика департаменті тұрғындардың табыс көлемін жариялады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

2017 жылғы бірінші тоқсандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 73573 теңгені құрады. Бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,6%-ға кем көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыс 8,9%-ға кеміді.

2017 жылғы екінші тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 128,8 мың теңге немесе 2016 жылдың тоқсанына сәйкес 106,8%-дан келеді. Нақты жалақы индексі - 98,3%. Жалдамалы қызметкерлер саны - 199,9 мың адам.

2017 жылдың екінші тоқсанында жұмыс күшінің саны 420,3 мың адамды құрады. Бұл еңбек етуге қабілетті 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 71,3%-ы. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы шілденің соңына 3,8 мың адамды құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу