Павлодар облысында үш ауысымда оқитын 8 мектеп бар

1327

Оқушылар орындарының тапшылығы 7 мыңнан асады. 

Павлодар облысында үш ауысымда оқитын 8 мектеп бар Фото: Валерий Бугаев

Биыл өңір аумағында бес жаңа мектеп қолданысқа берілмек. Сол арқылы орын тапшылығын екі есеге дейін қысқарту жоспарланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Жергілікті білім беру басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлының сөзінше, мәселені шешу үшін мектептер жанынан қосымша ғимараттар салу қарастырылып отыр. 

"Павлодар қаласындағы 8 мектеп үш ауысыммен жұмыс істейді. Олардың санын азайту мақсатында №9 орта мектепке 348 орындық, Б.Момышұлы атындағы орта мектеп жанына 528 орындық және №34 инновациялық мектепке 264 орындық қосымша ғимарат салынады. Сондай-ақ, "Достық" шағын ауданында екі мың орындық ірі білім беру кешені мен аймақта барлығы бес мектеп тұрғызылады", - деді Дінислам Болатханұлы.

Айта кетелік, былтыр Павлодар облысында мектептер құрылысына барлығы 1,9 млрд теңге бөлінген болатын. Биыл бұл мақсатқа 2,06 млрд теңге жұмсалмақ.

Жалпы, осы жылы өңірдің білім беру саласына барлығы 143 млрд теңге қарастырылды. Оның ішінде жаңа мектептер салумен қатар, 56 білім беру мекемесін "Заманауи мектеп" бағдарламасы аясында жөндеу, оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсарту және тағы басқа шаралар бар.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу