Павлодар облысында вакцина сатып алуға 1,3 млрд теңге бөлінді

Бұл сомаға 21 түрлі екпе алынбақ.  

Павлодар облысында вакцина сатып алуға 1,3 млрд теңге бөлінді Фото: canva

Павлодар облысында тұрғындардың 91,2%-ы аурулардың алдын алу үшін екпе қабылдауға әзір. Бұл жоспарлы көрсеткіштен айтарлықтай төмен, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Биыл "СК-Фармация" компаниясы арқылы өңірге 21 түрлі вакцинаны жеткізу үшін 1,3 млрд теңге қарастырылған. Бүгінгі таңда тек бес екпе түрі сатып алынды. Өңірдің штаттан тыс бас эпидемиологы Дина Шакратованың айтуынша, мұндай екпелер қызылша, көкжөтел, гепатит, полиомиелит және тағы да басқа инфекциялық сырқаттарды болдырмауға, олардың жеңіл өтуіне, тұрғындар арасында таралмауына көмектеседі. Алайда өңір жұртшылығы екпе қабылдауға асықпайды.

Павлодар облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевтің сөзінше, халықты аурудың алдын алу мақсатында екпемен қамтудың оңтайлы көрсеткіші – 95%-ға жете алмады. Аймақ жұртшылығының 91,2%-ы ғана вакцина қабылдады. 

"Биыл қаңтар айының өзінде қызылша ауруына шалдыққан 35 жағдай тіркелді. Бұл өткен жылдың қаңтар айымен салыстырғанда айтарлықтай көп. Биыл ауруды жұқтырған балалар санының күрт көбеюінің бірден-бір себебі – ұжымдық иммунитеттің әлсіреуі. Қазіргі таңда 2736 ата-ана баласына екпе салудан бас тартты. Ересектер қарсылық танытудың себебі ретінде жеке көзқарасты, екпеге деген сенімсіздікті, діни көзқарастарды атайды", – дейді бас санитар дәрігер Батырбек Әлиев. 

Сонымен қатар, өңірде адам папилломасы вирусына қарсы екпе салу жүріп жатыр. Бірінші кезеңде 4866 қыз вакцина алса, өткен жылдың сәуір айында 3615 балаға екпе салынды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу