Павлодар облысында ветеринария саласына бөлінген қаржы мақсатсыз жұмсалған

980

Павлодар облысында ветеринария саласына бөлінген қаржы мақсатсыз жұмсалған

Павлодар облысында ветеринария саласына бөлінген бюджет қаржысын игеру кезінде заң бұзушылықтар орын алып, 47840,6 мың теңгенің мақсатсыз жұмсалғаны анықталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен экономика және бюджет жөніндегі тұрақты космиссияның кезекті отырысында айтылды. Павлодар облысы бойынша бюджет қаржысының игерілуін тексеру комиссияның мүшесі Мәулен Үйсінбаевтың сөзінше, тексеру шарасы барысында біраз былықтың беті ашылған. Атап айтар болсақ, облыс бюджетін игеру заңнамасын, бухгалтерлік есепке алу заңнамасы бұзылып, мемлекеттік сатып алуды орындау талаптары сақталмаған.

"Комиссия жұмысы кезінде жалпы құны 1500924,3 мың теңге болатын жеті нысан тексерілді. Нәтижесінде ветеринария саласына бағытталған 562,7 мың теңге бюджет қаржысын игеру кезінде және 42521,3 мың теңге мемлекеттік активтерді пайдалану кезінде мақсатсыз жұмсалғаны анықталды. Сонымен қатар, 4750,3 мың көлеміндегі қаражатты бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп құру кезінде де біраз заң бұзушылықтар тіркелді. Тексеру жұмысының нәтижесінде 47291,9 мың теңге қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, ветеринарлар да өз жұмыстарын белгіленген нормаға сай атқарған жоқ. Кейбір мал дәрігерлері жануарларға қажетті дәрі-дәрмекті үйде сақтап келген", – деді Мәулен Үйсінбаев.

Осы ретте облыстық ветеринария басқармасының басшысы Қайыржан Байжанов та аталған салада орын алған келеңсіздікті мойындады. Мемлекет қаражатын игеруге атүсті қарап, заң бұзушылыққа жол берген мамандар тиісті жазасын алғанын мәлім етті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу