Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 12 адам елден қуылды

1216

Құқық бұзушыларға айыппұл салынды.

Павлодар облысында заңсыз жұмыс істеп жүрген 12 адам елден қуылды

"Мигрант" шарасы аясында павлодарлық полицейлер бір күннің өзінде облыс аумағында заңсыз табыс тауып жүрген 111 адамның барын анықтады. Олардың 60-ы – ТМД елдерінің азаматтары, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыровтың айтуынша, заңнама талаптарын сақтамаған жұмыс берушілер мен жұмысшылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

"Сот 12 шетелдік азаматты елден шығару туралы шешім шығарды. Сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 8 жағдай анықталды. Олар Әкімшілік Кодекстің 519-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Жасқайрат Қайыров.

Мысалы, Екібастұз қаласының өндірістік аймақтарының бірінде тұтас құрылыс бригадасы анықталды. Өзбекстанның 15 азаматы тиісті рұқсат қағаздарсыз жұмыс істеп жүрген. Құрылысшылар мен оларды қызметке алған кәсіпорын басшысы әкімшілік жаза арқалады.

Ажар Дәулетова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу