Павлодар облысында зейнеткер 5 млн теңгесін алаяққа беруге шақ қалды

130

Әйелдің ісіне күдіктенген банк менеджері полицияға хабарлаған.    

Павлодар облысында зейнеткер 5 млн теңгесін алаяққа беруге шақ қалды Фото: Depositphotos

Павлодарлық тұрғынға бейтаныс біреулер қоңырау шалған. Алаяқтар өздерін "домофон қызметінің маманы" ретінде таныстырып, құрылғыны жаңарту үшін телефонға келген СМС-кодты айтуды сұрайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Кодты алған соң қылмыскерлер әйелдің жеке деректеріне қол жеткізген. Артынша зейнеткерге екінші тарап хабарласып, өздерін "Қаржылық мониторинг агенттігі" және "құқық қорғау органдарының" қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар: "Сіздің деректеріңіз ұрланды, қылмыскерлерді ұстау үшін шоттағы ақшаны шұғыл шешіп алу қажет", – деп сендірген.

– Алаяқтардың нұсқауын орындаған әйел қаланың екі банк бөлімшесіне барып, қаражат шешу және несие рәсімдеу әрекетін жасаған. Екінші банкке жүгінген кезде қызметкерлер алаяқтық белгілерін байқап, дереу полицияға хабарлаған. Құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлерінің қырағылығының арқасында алаяқтықтың жолы кесіліп, зейнеткер 5 млн теңгесін сақтап қалды, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асхат Әбетжанов.

Зейнеткер полиция қызметкерлеріне қырағылық танытып, қаражатын сақтап қалуға көмектескені үшін алғысын білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу