Павлодар облысында жалған цифрландыру үшін 95 миллион теңге төленді

207

Бұл туралы Павлодар облысының прокуратурасы хабарлайды. 

Павлодар облысында жалған цифрландыру үшін 95 миллион теңге төленді Фото: pixabay.com

Павлодар облысының прокуратурасымен Цифрлық технологиялар басқармасында бюджет қаражатының жұмсалуын тексеру барысында, нақты көрсетілмеген қызметтер үшін актілерге қол қоюдан көрінген ысырап ету фактісі анықталды. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазады.

"Мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде өнім беруші ақпараттық жүйелердің бірінің жарамдылығын қамтамасыз етуге міндеттенді. Алайда, белгілі болғандай, 2022 жылдың желтоқсанынан бастап бүгінгі күнге дейін жүйе жұмыс істемеген, бұл ретте тапсырыс беруші 95 млн теңге сомасында бюджет қаражатын төлеген", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 30 қарашасында Павлодар облысының прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде мүлікті ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қазіргі уақытта, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу