Павлодар облысында жеке үйдің ауласынан екі адамның мәйіті табылды

577

Облыстық полиция департаменті екі адамның өлімі туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп жазды inbusiness.kz.

Павлодар облысында жеке үйдің ауласынан екі адамның мәйіті табылды

"3 шілде күні сағат 02:10-да Тереңкөл ауданы, Береговое ауылында жеке тұрғын үйдің ауласынан пышақ жарақаты түрінде зорлық-зомбылық белгілері бар 46 жастағы үй иесі мен оның 48 жастағы бірге тұратын адамның мәйіттері табылды. Марқұмның кәмелетке толмаған ұлы үй-жайлардың бірінде паналағандықтан зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Адам өлтірді деген күдікпен 22 жастағы ауыл тұрғыныны ұсталған. Оқиға орнында қажетті тергеу амалдары жүргізілді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі – екі немесе одан да көп адамды өлтіру бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.  

Полицейлер қылмыстың мән-жайы тергеу барысында анықталатынын хабарлады. Тергеуді Павлодар облысының тергеу басқармасы жүргізіп жатыр. Іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу