Павлодар облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

495

Оқиға Ақсу ауданы Сырлықала ауылының жанында болған.

Павлодар облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Павлодар облысында жол-көлік апаты салдарынан 3 жолаушы қаза тауып, екі жүргізуші жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қазан күні сағат 22.00-де Ақсу өңірінің Сырлықала ауылының жанында болған. "Ленинский – Курчатов" автожолының 55-ші шақырымында 40 жастағы "Нива" көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, сол бағытта жол жиегінде тұрған "КамАЗ" 5320 машинасының тіркемесімен соқтығысқан. 

"Жол апаты салдарынан Нива автокөлігінің 40, 12 және 6 жастағы үш жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Екі жүргізуші ауруханаға жеткізілді", - деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу