Павлодар облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

789

Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді.

Павлодар облысында жол апатынан бес адам көз жұмды

Адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы Қалқаман-Баянауыл-Үміткер тас жолының 91-шақырымында орын алды. Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, "ВАЗ 21713" көлігінің тізгінінде елорда тұрғыны отырған. Ол қарама-қарсы жолаққы шығып кетіп, "ВАЗ 21703" автокөлігімен соқтығысқан, деп хабарлайды  Pavlodarnews.kz..

Бетпе-бет соқтығысу салдарынан "ВАЗ 21713" көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы және екінші көліктегі бір жолаушы көз жұмды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жедел жәрдемнің бірінші деңгейімен апат орнына екі медициналық көмек көлігі барған. Жедел жәрдем келгенге дейін бес адам көз жұмған: 36, 65 және 45 жастағы ер адамдар, 37 және 52 жастағы әйел адамдар. Жарақат алған екі адам Баянауыл орталық ауруханасына жатқызылды.

"14 жасар жасөспірімде жабық бас сүйек-ми зақымы, ми шайқалуы, іштің доғал жарақаты және оң жамбастың жабық сынуы бар. 37 жастағы ер адам миы шайқалып, жабық бас сүйек-ми зақымын алған. Оң жақ жіліншігінен жоғарғы ашық сынуы және сол жақта жамбастың жабық сынуы байқалды", – деді басқармада.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, сараптамалар тағайындады. Көліктер айып тұрағына жіберілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу