Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды

415

16 жастағы жолаушы ауруханаға жатқызылды. 

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қайтыс болды Фото: google

25 сәуір сағат 15:30 шамасында Астана-Павлодар тас жолының 1207/142 шақырымында Екібастұз қаласы Бәйет ауылының маңында 47 жастағы Hyunday Solaris автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Daimler Chrysler жүк көлігінің тіркемесінің артқы бөлігіне соқтығысқан.

ЖКО салдарынан Hyunday көлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу