Павлодар облысында жол апатынан екі адамның өмірі қиылды

784

Зардап шеккен 7 адам ауруханаға жеткізілген.

Павлодар облысында жол апатынан екі адамның өмірі қиылды

Павлодар облысында Павлодар-Ақтоғай тас жолында екі көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болды, 7 адам жарақат алды, деп хабарлайды облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

"Ваз-2109" жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал жолаушысы ауруханаға жеткізілді",– делінген хабарламада.

Зардап шеккен 7 адамның 4-еуі – бала, деп нақтылады ведомстводан.

Олардың жағдайы тұрақтала түскен соң, ары қарай ем алулары үшін Павлодарға жеткізуге шешім қабылданған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу