Апаттан зардап шеккен бір жүргізуші мен екі бала ауруханаға жатқызылды. Павлодар облысының тас жолында болған жол-көлік апатынан кәмелет жасына толмаған жолаушы зардап шекті.
"Омбы-Майқапшағай автожолында Audi 80 жеңіл көлігі негізгі жолда келе жатқан Toyota Highlander көлігіне жол бермей, соғылған. Жол апаты салдарынан Audi көлігінің жүргізушісі мен қос жасөспірімнің денсаулығына зақым келіп, ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінен.
Audi жүргізушісіне қатысты іс қозғалып, материал сотқа бағытталды. Автокөліктер айыппұл тұрағына қойылды.
                    БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
            Ең соңғы жаңалықтар осында
            
    Жазылу
                     
                                         
                                         
                                         
                                         
                                         
                                        