Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті

661

Оқиға 16 сәуір күні түнде болған.

Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті Фото: polisia.kz

16 сәуір түнде Павлодар облысының Екібастұз-1 өткелінің 303-шақырымында жүк пойызының машинисі темір жолда жылқылар болғандықтан шұғыл тежеуді қолданды, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады, салдарынан жеті жылқы пойыз астында қалды. Пойыздың тұрағы 1 сағат 33 минутты құрады.

Павлодар станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жылқының теміржол бойына шығуына жол берген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынын анықтады. 

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу