Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып кетті

224

Ол оқиға орнында қаза тапты.

Павлодар облысында жүкті әйелді көлік қағып кетті Фото: freepik

Павлодар ауданы Кемеңгер ауылына жақын жерде "Фольксваген Гольф" көлігінің 54 жастағы жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

Оқиға "Павлодар-Шарбақты" автожолының 20 шақырымында болған.

"Жол-көлік оқиғасының салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды", – деді департаментте. 

Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу