Павлодар облысындағы мәдениет үйінің қызметкері адамды өрттен құтқарғаны марапатталды

389

Мәдениет және спорт министрі Павлодар облысындағы мәдениет үйінің қызметкері Александр Шинкаренкоға  адамды өрттен құтқарғаны үшін алғыс білдірді. 

Павлодар облысындағы мәдениет үйінің қызметкері адамды өрттен құтқарғаны марапатталды Фото: ҚР Мәдениент және спорт министрлігі

Александр Шинкаренко мәдениет саласында 10 жылдан астам жұмыс істейді.

Өрт шыққанын байқаған уақытта жұмыста болған азамат оқиға орнына жеткен. Баспана иелерінен үйдің ішінде адам қалғанын білген Александр бірден терезені сындырып, түтін басқан бөлмеде жатқан адамды сыртқа алып шығады.

Павлодар облысы тұрғынының ерлігі отандастарының назарынан тыс қалған жоқ. Александрға Мәдениет және спорт министрінің атынан сыйлықтар мен Алғыс хат табысталды.

"Александр Шинкаренко сын сағатта батылдық танытып, адамды өрттен құтқару арқылы отандастарына лайықты үлгі көрсетті. Өзге адамның өмірі мен игілігі үшін басын қатерге тігуге дайын осындай азаматтар еліміздің ең басты байлығы. Александрға қиын жағдайда көрсеткен  шұғыл әрекеті мен ерлігі үшін алғыс айтамын. Мәдениет саласында осындай ержүрек азаматтардың жұмыс істейтініне қуаныштымын", – деді Асхат Оралов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу