Павлодар облысындағы тракторлардың 90 пайызының тозығы жеткен

771

Павлодар облысындағы тракторлардың 90 пайызының тозығы жеткен

Павлодар облысында тракторлардың 90,6 пайызы, комбайндардың 82,9 пайызы тозған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында облыстық  ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының  міндетін атқарушы Есентай Мүрсәлімов айтты, деп хабарлайды  pavlodarnews.kz.

"Жыл басынан бері 454 миллион теңгеге 23 техника мен құрал-жабдық сатып алынған, - деді Есентай  Мүрсәлімов. – 2000 жылға дейінгі тракторлардың үлесі  - 78  пайыз. Сол жылдан бері 2924 техника сатып алынған. Ауыл шаруашылығы техникасын қолданудың орташа мерзімі  10-12 жылды құрайды. Көктемгі-дала жұмыстарын жүргізуге техника жүз пайыз дайын. Жұмыс жоспарына сәйкес көктемгі егін  науқанына түрлі модификациядағы 5018 трактор, 7979  тырма, 1717 соқа, 1097 қопсытқыш, 4344 тұқым сепкіш пен 137 егістік кешені жұмылдырылады".

Спикер   дала жұмыстарына екі млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие қарастырылғанын атап өтті.  - "Бұл соманың 648 миллион теңгесі фермерлерге үйлестірілген, - дейді Есентай  Мүрсәлімов. – Облыста дизель отынына сұраныс 16 мың тоннаны құрайды. Наурыз айына - 4000 тонна, сәуір айында - 4000 тонна және мамыр айына 6000 тонна  тарату жоспарланған. "Пром Сервис PV" ЖШС операторлық қызмет атқарады. Операторлық қызметті есептегенде арзандатылған жанар-жағармайдың тоннасы 164 мың теңгені құрайды. Литрі – 138 теңге. Нарықтық бағасы литріне – 160 теңге".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу