Павлодар облысындағы үй жануарларынан құтырма анықталды

Ол жабайы жануарлардан жұққан болуы мүмкін.  

Павлодар облысындағы үй жануарларынан құтырма анықталды Фото: google

Павлодар облысында жыл басынан бері құтырма ауруы деген күдікпен сегіз жағдай тіркеліп, оның үшеуі расталды, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департамент мәліметінше, зертханалық зерттеулер Май, Железин және Ертіс аудандарында екі ит пен бір ірі қараның құтырма жұқтырғанын көрсетті. 

"Жұқпалы аурудың тасымалдаушылары түлкі, борсық, кірпі, қараусыз жүрген төрт түлік те болуы мүмкін. Қазіргі таңда екі түлкі мен үш иттен алынған сынамалар зерттелуде", - деп хабарлады департамент өкілдері. 

Құтырма адамдар мен жануарларда кездесетін ауыр инфекциялық ауру екенін еске сала кетейік. Оның алдын алу үшін екпе қабылдамаған жағдайда соңы өлімге дейін апаруы әбден мүмкін. Бұл ретте дәрігерлер тұрғындарға емнің толық курсын белгілейді. Жұқпалы ауруды таратқан жануарлар да ветеринарлардың бақылауына алынады. 
Ресми дерек бойынша, былтыр 2022 павлодарлық аталмыш ауруға қарсы екпе алған. Жануарлардың "шабуылынан" Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен бес ауданның тұрғындары жапа шекті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу