Павлодар облысының әкімі Екібастұз қаласы әкімінің отставкасын қабылдады

719

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі Екібастұз қаласы әкімінің отставкасын қабылдады

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңға сәйкес Екібастұз қаласының әкімі бағынышты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға берді. Осылайша, ол 2022 жылғы 8 тамыздан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды.

Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев отставка туралы өтінішін өзінің тікелей бағынысындағы қызметкер – қала әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң берді.

– Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты, – деді баспасөз қызметінде.

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымында 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеген еді.

Еске салайық, Екібастұз әкімінің орынбасары Бауыржан Ахметов және оның қарамағындағы ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Садықов пен сол бөлімнің бас маманы К.Түсіпбеков сыбайлас-жемқорлыққа байланысты сотталып, бас бостандықтарынан айырылған болатын.

Аталған адамдар мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша орындалған жұмыстардың актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деп айыпталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу