Павлодар облысының әкімі жұмыссыздарды іздеуге тапсырма берді

1546

Өңір басшысының пікірінше, бұрынғыдай халық әкімдікке жұмыс іздеп келмеуі керек.

Павлодар облысының әкімі жұмыссыздарды іздеуге тапсырма берді Фото: Валерий Бугаев

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов жұмыспен қамту орталығының мамандарына жұмыссыздарды іздеуге тапсырма берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Әбілқайыр Сқақов мұны Павлодардағы жұмыспен қамту орталығында айтқан.

Орталық қызметкерлерінің айтуынша, қалалық жұмыспен қамту орталығына күніне кемінде 200 адам жүгінеді. Жыл басынан бері мұнда 396 үміткер тіркелсе, оның 92-сі тұрақты жұмысқа орналасқан.

"Бүгінде ең көп сұранысқа ие мамандар – мұғалімдер мен медицина қызметкерлері. Міндетіміз – үміткердің нақты жұмыс тапқанынша бос жұмыс орнын ұсыну. Біз орташа есеппен 5-6 рет жұмыс орнын ұсынамыз", - деді жұмыспен қамту орталығының директоры Динара Ағзамова.

Әбілқайыр Сқақов жұмыспен қамту орталықтарында ақпараттық қолдауды күшейту керегін, онда жұмыс іздейтіндер үшін маңызды және қызық ақпаратты орналастыру қажетін айтты.

"Жұмыспен қамту орталықтары мобильді болуы керек. Орталықта жұмыс аз кезде қызметкерлердің бір бөлігі жұмысқа мұқтаж адамдарды іздеуі керек. Сіздер оларды қайдан іздеу керегін білулеріңіз қажет. Бұрыңғыдай халық әкімдікке немесе жұмыспен қамту орталығына келмеуі керек. Керісінше әкімдіктер мен жұмыспен қамту орталықтарының өкілдері тұрғындарға өздері баруы керек. Бұл әсіресе жұмысқа орналасуды немесе қайта даярлауды қажет ететін жастарға қатысты", - деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу