Павлодар облысының антикор қызметіне жаңа басшы тағайындалды

620

Департаменттің жаңа басшысын облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аппарат кеңесінде таныстырды.

Павлодар облысының антикор қызметіне жаңа басшы тағайындалды

Дархан Құрақбаев Павлодар облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Департаменттің жаңа басшысын облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов аппарат кеңесінде таныстырды.
"Дархан Ғалымтайұлы 1983 жылы туған, жоғары білімі бар. 2004 жылы қаржы полициясы академиясын "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарда 18 жылдан астам еңбек етіп келеді", – деп атап өтті өңір басшысы. 

Бұған дейін Дархан Құрақбаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі арнайы бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу