Павлодар облысының орман қорындағы өрттен келген шығын 118,3 млн теңге

1651

Сонымен қатар облыста 10334 гектар жерде 272 өрт ошағы тіркелген. 

Павлодар облысының орман қорындағы өрттен келген шығын 118,3 млн теңге

Бұл туралы облыстағы Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы Сергей Ситник айтты.

 26 тамызда Железинский ауданының "Неупокоев" кәсіпорнындағы егіс алаңында егін жинау кезінде комбайнның моторын өрт шалған. Бұған мотордың сым жүйесіндегі ақау себеп болған. Сондай-ақ 10 қасақана өртеу фактісі тіркелген.

Сытниктің айтуынша, мамыр айында Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Павлодар саяжайларындағы қураған шөпті өртеумен айналысқан қаскөйді қолға түсірген. Ұсталған ер адам мұндай әрекетке неліктен барғанын нақты түсіндіріп айта алмады. Қазір осы жағдайға қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Орман мен далаларды тілсіз жаудың жалмауына найзағай мен жергілікті халықтың өрт қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған.

Айта кететін жайт, еліміздің егіс алаңындағы өрттен келген шығын 25,7 млн теңгені құрап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу