Павлодар облысының сүт зауыттары өнім көрсеткішін 85 пайызға жеткізді

1766

Павлодар облысының сүт зауыттары өнім көрсеткішін 85 пайызға жеткізді

Павлодар облысының кәсіпорындарында сүтті қайта өңдеу 85 пайызды құрайды. Республика бойынша бұл көрсеткіш 65 пайызға тең, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Қасенов мәлім етті.

"Өңірдегі кәсіпорындар алдағы уақытта жобалық қуаттылығын арттыруға мақсат қойып отыр, - дейді Бауыржан Қасенов. - Мәселен, "Молком-Павлодар" ЖШС жаңа өңдеу жабдығын орнатып, 25 мың тоннаға дейін өнімді  ұлғайтуды көздеуде. Қазіргі таңда мұнда 16 мың тонна сүт өңделеді. Бұдан басқа, олар сүт пункттерін инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге белсенді қатысады. Сондай-ақ ауылдағы кәсіпкерлер үшін танкер, сүт таситын көлік, салқындатқыш сатып алуда". 

Облыста кооперация арқылы сүт өңдеу кәсіпорындары мен дайындау пункттерін құру бағдарламасын қолдау бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Бүгінде пилоттық жоба аясында Успен ауданында екі кәсіпорын 20-дан астам жеке аулаға құрылтайшы болып,  "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ арқылы жабдық сатып алу үшін несиеге өтініш берген. Бұған қоса, қосымша тапсырған әрбір литр сүт үшін 10 теңге субсидия алу мүмкіндігі ұсынылады.

Айта кетерлігі, өңірде ауыл шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу бойынша 204 дайындау пункті мен 299 қайта өңдеу нысаны жұмыс істейді.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу