Павлодар облысының тұрғыны 70 жылдан соң туған отанына оралатын болды

729

Павлодар облысының тұрғыны 70 жылдан соң туған отанына оралатын болды

70 жыл бұрын Игнушетия елінен Қазақстанға жер аударылған Минауси Кузьговой тарихи отанына қайту үшін Шарбақты аудандық сотына туған жерін дәлелдеп шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.  

Іс материалдарына сүйенсек, қарт ана 1938 жылы 15-желтоқсанда Ингуш АСКР мекенінде Малгобекск ауданы Жоғары Ачалука ауылында дүниеге келген. Бала Минауси мыңдаған отандастары секілді Қазақстанға жер аударылған. Минауси Идиговна 1944 жылдан бері Павлодар облысының Шарбақты ауданында тұрып келеді. Алайда бұл кісіні туыстары өз елдеріне алып кетейін дегенде туу туралы куәлігі табылмай қиындықтарға тап болған. Ингушетия Республикасының АХАЖ бөлімінде сол кездегі құжаттардың толық сақталмағанын және оларды қалыпқа келтіру мүмкін еместігін хабарлаған. Шарбақты аудандық сотына келген Минауси апа Татьяновка ауылынан өзінің құрдасын тауып алған. Өз кезегінде құрдасы Минауси Кузьговоймен бала жастан бірге өсіп, бірге оқығандығын және бір күнде дүниеге келгендерін айтып, ант су ішкен.

"Мұндай жағдайда соттың күманданатын еш негізі болмады. Сондықтан Шарбақты аудандық соты арыз берушінің өтінішін растап, оның Ингушетияда туғанын заңды деп таныды", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметінде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу