Павлодар облысының үш қаласында барлық аулалар жөндеуден өтті

712

Павлодар облысының үш қаласында барлық аулалар жөндеуден өтті

Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz.

"Ағымдағы жылы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында аулаларды көріктендіру бойынша үш жылдық бағдарлама мерзімінен бұрын аяқталды. Барлығы 300-ге жуық ішкі аулалардың территориялары қалыпқа келтірілді, олардың едәуір бөлігі облыс орталығында орналасқан", - деді ол.

Келесі жылдан бастап өңір билігі аулаларды жарықтандыру, балалар және спорт алаңдарын абаттандыру бойынша жаңа бағдарламаны бастау жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу