Павлодар өңірінде әкімдердің есебіне келген әжелер арнау-өлең оқуды жиілетті

1530

Павлодар өңірінде әкімдердің есебіне келген әжелер арнау-өлең оқуды жиілетті

73 жастағы Бақжамал Апкузинова Павлодар қаласының әкімі Нұржан Әшімбетовтың есеп беру кездесуінде шаһар басшысы мен облыс әкімі Болат Бақауовқа арнап өлең оқыды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Есептік кездесу барысында микрофонға келген қала тұрғыны әкімге жылы лебізін өлеңмен білдіріп, жұмысына береке мен табыс тіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл өңірде әжелердің әкімдерге арнап өлең оқыған алғашқы жағдай емес. Күні кеше Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсимбиновтің есеп беру кездесуінде 78 жастағы Анна Симонова төл шығармашылығын тарту еткен болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу