Павлодар-Семей тас жолында заңсыз балшық өндірген кәсіпкерге 1,4 млн теңге айыппұл салынды

980

Павлодар-Семей тас жолында заңсыз балшық өндірген кәсіпкерге 1,4 млн теңге айыппұл салынды

Салынып жатқан Павлодар-Семей тас жолының бойында Павлодар ауданының прокурорлары заңсыз саз шығарып жүрген кәсіпкерге 1,4 млн теңге айыппұл салды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық прокуратураның баспасөз хатшысы Айымгүл Ермұратованың айтуынша, прокурорлар қағаз жүзінде пайдаланылмайтын жерлерде тексеріс жүргізген.

"Заң бұзушылық Павлодар ауданы Заря ауылдық округінің аумағында анықталған.  "АБК-Автодор НС" ЖШС 1,0178 гектар жерде рұқсатсыз саз өндірген. Аудандық прокурорлар барлық құжатты жер қойнауын пайдалану,  қоршаған орта және су ресурстары басқармасына жіберген. Осылайша, серіктестікке 700 АЕК немесе 1 миллион 484 мың 700 теңге көлемінде айыппұл салынды", – деді баспасөз хатшысы.

Айта кету керек, бүгінгі күні айыппұл толығымен өтелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу