Павлодар вокзалында пойыз адамның аяғын кесіп кетті

454

Көліктегі полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғаған.

Павлодар вокзалында пойыз адамның аяғын кесіп кетті Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

Павлодар вокзалында пойыз басып кеткен адам ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Әлеуметтік желілерде Павлодар теміржол вокзалында болған оқиға туралы ақпарат тарады. Threads желісіндегі жазба авторының айтуынша, 30 қыркүйекте пойыз адамның аяғын кесіп кеткен.

Кейін зардап шеккен адамның 8 қазанда ауруханада қайтыс болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар станциясындағы көліктегі полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғаған.

"Қазіргі уақытта іс бойынша оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп толықтырды ведомство өкілдері.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу